Бокстан әлем чемпионаты: Ширек финалға кімдер өтті
Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалына төрт қазақстандық жолдама алды. Спортшылар бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, медаль алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

71 келіге дейінгі салмақта кездесу өткізген Асланбек Шымбергенов германиялық Магомед Шахидовты айқын басымдықпен жеңді. Ол үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберген.
Саматәлі Төлтаев колумбиялық Дуван Зулетадан басым түсіп, ¼ финалға жолдама алды. 21 жастағы спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
20 жастағы Махмуд Сабырхан шотландиялық қарсыласы Мюттью Макхэйлді жеңді. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы келесі айналымда бразилиялық Майкл Тринидадпен жұдырықтасады.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Теміртас Жүсіпов Омер Ахметовичті төрешілер шешімімен жеңді. Жартылай финалға жолдама алуы үшін ол өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовтен басым түсуі қажет.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді