"Өте мықты": Спорт сарапшысы қазақстандық боксшы жайлы пікір білдірді
The Fight Site порталының сарапшысы Тэйлор О’Хоггинс қазақстандық боксшы Серік Теміржановтың әлем чемпионатындағы жекпе-жегі жайлы пікір блдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жеңіліс және нокдаун: Әлем чемпионатының төртінші күні қалай өтті
"Серік Теміржановтың Әлем чемпионатындағы керемет бастамасы. Бірінші кезеңде Азия чемпионы Энх-Амар Хархууды жеңді. Екінші жекпе-жекте жастар арасындағы чемпион Реито Цуцумиден басым түсті. Теміржанов өте мықты және физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған.
19 жастағы Цуцуми де жақсы өнер көрсетті. Табандылық танытып, жеңіліп келе жатқанына қарамастан, үшінші раундта күшін жинай алды. Бірақ қай уақытта болмасын өзінен мықты әрі үлкен қарсыласпен жұдырықтасу қиын болады", - деп жазды сарапшы.
1/8 финалда Серік Теміржанов үндістандық Рохит Мормен 1 қарашада жекпе-жек өткізеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”