Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіліс және нокдаун: Әлем чемпионатының төртінші күні қалай өтті

Әлем чемпионатының төртінші күнінде 3 отандасымыз өнер көрсетті. Олардың екеуі үшінші кезеңге жолдама алды. Өкінішке орай бір боксшы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

чемпионат

Чемпионаттың екінші айналымында Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Кристиан Паласионы жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. 

"Тек жақсыға ғана ниеттендік. Жаттықтырушылар дайындады. Оларға алғысым шексіз. Жаттықтырушылардың тактикасының арқасында жеңіске жеттім", - деді Жүсіпов.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан боксшы келесі кезеңде поляк спортшысы Дамиан Дуркачпен кездеседі. 

Екінші кезеңде жекпе-жек өткізген Серік Теміржанов Азия чемпионы жапониялық Рейто Цуцумиді нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті. 

"Әлем чемпионатында жай қарсыластар болмайды. Барлығын зерттеп, дайындаламыз. Тактикалық және психологиялық тұрғыдан. Тек жеңіске ұмтылатын боламыз", - деп пікір білдірді Теміржанов. 

Серік Теміржанов келесі кезеңде үндістандық Рохит Мормен жұдырықтасады. 

Нұрлан Сапарбай чемпионаттағы алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты. 92 келіге дейнігі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз испаниялық Аюба Гадфадан жеңілді. 
 

Талқылау