Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген желіде таралған ақпаратта.
Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Қыз зорлады деген айыппен сотқа тартылған блогер кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді
"Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Жанқош Тұраров әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кіргені айтылды.
"233 миллиард теңгенің ұмытылмаған сабағы": Шығыны көп, пайдасы аз Азия ойындары бізге не үшін керек?
Ақырыс Сейтқазы қысқы Азия ойындарын Қазақстанда өткізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты
"Абай жолын" Абай жазды деп жауап берді": Тоқаевтың сынына ұшыраған отандық ЖИ KazLLM-нің қандай функциялары бар
Министрдің сөзінше, KazLLM-ді 600 мыңнан астам адам пайдаланады