Боксшы Сабырхановтар Қазақстаннан кету туралы шешім қабылдады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстандық боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырхан жақын арада АҚШ-қа кетіп, сол жақта жаттығуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі
“Бірінші бол” YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметтерге сенсек, 5 сәуір күні Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде Сабырхан бауырлары сәтті дебют жасады. Сол кездесуден кейін олар Америкаға барып дайындық жүргізуді бұрыннан жоспарлағандарын айтты. Қазір олардың басқа бауырлары АҚШ-та болып, жаттығу залдарын қарап жатыр. Жағдай сәтімен шешілсе, Төрехан мен Махмұд та жақын күндері сонда аттанбақ.
"Біз бұған дейін Америкаға баруымыз керек еді, себебі бізге ол жақта жаттығу өткізуге ұсыныс түсті. Қазір бауырларымыз АҚШ-та жүр, бокс залдарын қарап жатыр. Егер бәрі жақсы болса, жақын арада Төрехан екеуміз Америкаға жол тартамыз", – деді Сабырхановтар.
Айта кетейік, Азияның жастар арасындағы чемпионаттарының тарихындағы ең атақты боксшысы Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы дебютін 5 сәуір күні өткізді. 18 жастағы қазақстандықтың қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-6, 2 КО) болды. Үшінші раундта Торехан қарсыласын нокдаунға жіберіп, бір минут қалғанда оны тағы да рингке құлатып, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.
Сол кеште әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан да кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. 23 жастағы Махмұдтың қарсыласы вьетнамдық Данг Дак Хайнх (2-1, 2 КО) болды. Бірінші раундта-ақ төреші вьетнамдыққа нокдаун санады. Екінші раундта қарсылас тағы да нокдаунға түсті, бірақ жекпе-жекті жалғастырды. Алайда раундтың аяқталуына 11 секунд қалғанда Махмұд қарсыластың қорғанысын бұзып, жеңісті мерзімінен бұрын жұлып алды.
Бақыт Сәрсекбаев: Қазақша бокс стилі жоғалып барады
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Олимпиада ойындарында өзге елдің атынан шығу үшін азаматтық ауыстыру туралы ұсыныстар алғанын айтты. Ангелина Лукас – 28 жаста, Тараз өңірінің тумасы. Әуесқой бокста 51 келі салмақта Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетті. Кейін кәсіпқой боксқа ауысып, 15 жекпе-жек өткізді. Қазір отандасымыз WBC international champion, UBO international champion, IBO World champion, WBF World, WIBF world, UBO World champion титулдарының иегері.

Қазақстандық компаниялардың акцияларына АҚШ-тың баж салығына қатысты жаңа тарифі қалай әсер етті?
