"Елге қайтаруға тырысамыз": Министр боксшы Бейбіт Шүменовтің әлі іздеуде екенін айтты
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада "Мега" сауда орталығындағы дәмханада төбелес шығарған боксшы Бейбіт Шүменовті АҚШ-та іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министр Ержан Сәденовтың айтуынша, Шүменовты ертерек табу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Ол іздеуде. Біз оны тезірек қайтаруға тырысамыз", – деді Сәденов.
Айта кетейік, шілде айында Астанада бала көтерген ер адамның соққыға жығылғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек елордадағы "Мега" сауда орталығындағы дәмханада ер адамды соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменов екені белгілі болды.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі елордадағы сауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатқанын хабарлап, Шүменовтың 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады. Алайда кейіннен Шүменовке іздеу жарияланды.
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады