Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокс маманы: Головкин қорықты деп ойлайтындар – үлкен ақымақтар

ESPN басылымының журналисі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық қарсыласы Сауль Альварестің допинг қолданғаны жөнінде айтқан сөзіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында жазды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен айда мексикалық боксшы “Канелоның” қанынан допинг табылған еді.

Мұнан кейін Геннадий Головкин қарсыласы Сауль Альваресті алғашқы жекпе-жек алдында допинг қолданды деп айыптаған еді. Боксшы «Канелоның» қолынан инъекцияның іздері байқалып тұрғанын мәлімдеді.

«Бұл жағдайда Головкинді қорықты деп ойлайтындар – үлкен ақымақтар», – деп жазды журналист.

Оқи отырыңыз:

Кеудесіне доп тиген футболшы ойын кезінде қайтыс болып кетті

Сарапшы: «Допинг қолданған» Альвареспен жекпе-жекке шығу Головкиннің өміріне қауіп төндіруі мүмкін

Боксшы Арман Рысбек аргентиналық қарсыласын нокдаунға, артынша нокаутқа жіберді (видео)

«Канелоның» салмақ өлшеу алдында дәрі ішіп жатқан сәті түсіп қалған видео желіде тарап кетті (видео)

Талқылау