Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөгде нөмірге кірмек болып, әйелдер мен балаларды қорқытқан": Ақмола облысында демалыс базасында жекпе-жек жаттықтырушылары тәртіпсіздік жасады (видео)

жекпе-жек жаттықтырушылары төбелес Фото: Видео кадрларынан скрин

Ақмола облысындағы Зеренді демалыс базасында ішімдік ішіп, бөгде нөмірлерге кірмек болып, әйелдер мен балаларды қорқытқан ер адамдар полициямен де жанжалға түскен. Деректерге сүйенсек, олар қолма-қол ұрыс жекпе жегінің жаттықтырушылары болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Бірінші антикоррупциялық медиа орталықтың мәліметінше, ер адамдар түннің ортасында айқайлап, боқтық сөздер айтып, бассыздыққа барған. 

"Администратор полиция шақыруға мәжбүр болды. Бірақ тәртіп сақшылары келсе де, бұл қонақтарды тоқтатқан жоқ. Керісінше, олар тіпті одан бетер өрескел мінез танытты. Олар өздерін бәрінен биік санап, не заңды, не адамдарды, не полиция формасын елемейтіндей әрекет етті", – делінген хабарламада.

Оқиға видеоға түсіп қалған, бірақ ұйым тек бір үзіндісін ғана жариялады:

"Бейнематериалдың толық нұсқасы жақын күндері жарияланады деп үміттенеміз. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінің денелеріне тағылған камералардан жазылған видеожазбалар да сақталған болар деп сенеміз. Бұл оқиға бойынша барлық тиісті баптармен іс қозғалады деген үміттеміз.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында тұрған кезде де, “жаттықтырушылар” айқайлап, дөрекілік көрсетуді жалғастырғаны – бұл жай ғана әдепсіздік емес, бұл – заңға қасақана құрмет көрсетпеу. Өзін осындай адамдармен байланыстыратын кез келген азамат түсінуі керек: жауапкершілік тек заң алдында ғана емес, сонымен қатар қоғам алдындағы абырой мен бедел тұрғысынан да болады. Мұндай әрекеттер үшін де жауап беруге тура келеді", – делінген хабарламада.



Ұйым видеода көрсетілген фактілердің барлығы құжатпен расталғанын, оның ішінде қаржылық құжаттар да бар екенін айтты.

"Оқиға 17 шілдеде, Зеренді ауданындағы демалыс аймақтарының бірінде болған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша іс материалдарын жинаған. Зеренді аудандық сотының шешімімен оған әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Азаматтарды көпшілік демалатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауға шақырамыз", – деді Ақмола облысының полиция департаменті.

Кейін Қазақстанның қолма-қол ұрыс федерациясы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, мән-жайды нақтылады. Айтуларынша, видеодағы ер адам федерацияда емес, “Дарын” мектебінде жұмыс істеген. Алайда бірнеше ай бұрын қызметінен кеткен. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 12:18
Талқылау
`