Блогерлер Түркістан облысының шенеуніктері мінген қымбат көліктерге шүйлікті
Танымал YouTube блогерлер Риант Қыбраев пен Валерий Кудрявцев Түркістан облысының шенеуніктерінің қымбат көліктеріне шүйлікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мырзакент қаласы шамамен бір жыл бұрын су басып қалған Мақтаарал ауданының орталығы болып табылады. Блогерлер қала әкімдігінің алдында тұрған қымбат көліктеріне назар аударыпты. Сөздерінше, олар халықтың ақшасы қайда кеткенін анықтағылары келгенін айтады.
"Әкімдік қазақстандықтардың мәселелерін шешумен айналысатын атқарушы билік, халық қызметкерлері. Біздің ойымызша, ел басына күн туған сәтте әкімдіктегілердің қымбат көлік мініп, шалқып жүруі орынсыз. Біздің төлейтін салығымыз шенеуніктердің ыңғайлы орынмен қамтамасыз етілуіне жұмсалуын қаламаймыз", - дейді блогерлер.
Видео авторларлы мемлекеттік қызметкерлерге қарапайым көліктерді айдауға кеңес берді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан