"Бедеулік диагнозын қойды": Блогер Жансая Мұратбекқызы біршама уақыт балалы бола алмағанын жеткізді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал блогер, стендапер Жансая Мұратбекқызы “Мамский әңгімеге” берген сұхбатында өзіне бедеулік диагнозы қойылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер 1,5 жыл бойы бала көтере алмағанын айтты.
“Бастапқыда маған киста диагнозы қойылды. Бірнеше гинекологқа барамын, олардың әрқайсысы әртүрлі ем береді. Шамамен 3 ай гормонды дәрі ішемін, салдарынан салмақ қосамын. Кейінірек репродуктологқа барып, 6 айдан бері бала көтере алмай жүргенімді айтамын. Жарты жылдай сол дәрігермен жұмыс жасадық. Ай сайын тест нәтижесін күту мен үшін қиын болды, мені әйелдер түсінеді деп ойлаймын”, – деді ол.
Ол уақыт өте келе балалары бар отбасыларға қызығып бастағанын жасырмады. Стендапердің айтуынша, дәл сол сәтте оқырмандары тарапынан да қысым басталған.
Арада тағы 6 ай өткеннен кейін оған “бедеулік” диагнозы қойылған.
“Қысымға психологиялық стресс қосылды. Күйеуім де тексерілген еді, оның денсаулығы жақсы болды. Дәрігер “Негізі сізде де бәрі жақсы, қолымнан келгенін істедім, неге жүкті бола алмай жүргеніңізді білмеймін” деді. Сөйтіп қағаз жүзінде “бедеулік” диагнозын қойып берді. Ол қағаз жүзінде ғана болмаса ше деген қорқыныш пайда болды”, – деді ол.
Жансая Мұратбекқызы диагнозы жайлы күйеуіне айтқан, ал күйеуі оның көңілін аулауға тырысып, оған қолдау білдірген.
“Баламыз жоқ болса да мен сенімен бақыттымын. Мен сенімен бірге болғым келеді. Қандай жағдай болмасын мен сені сүйемін. Маған бала бола алмайды деген диагноз қойылды деп айтайық. Уақытша болсын бәрін ұмытып, Аллағ тапсырайық. Болса болады, болмаса оны көреміз” деп айтты. Мен оған келістім”, – деді блогер.
Блогер кейінірек 31 қаңтарда жүктілігі жайлы біледі.
Айта кетейік, бұған дейін блогер Жансая Мұратбекова күйеуімен таныстығы жайлы айтқаны хабарланғаны.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты