Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Сабина Мовлаева әлеуметтік желіде тараған интим видеоның сараптама қорытындысын жариялады

Танымал блогер Сабина Мовлаева порнографиялық видеоға қатысты пікір білдіріп, тың мәліметті жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/

Блогердің адвокаты жала жапқан кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатынын айтты. 

“Мен өз сөзімде тұрдым. Өздеріңіз білесіздер, маған үлкен жала жабылды. Бүгін мемлекеттік экспертиза қорытындысы шықты", – деді блогер. 



Адвокат Есімбол Мамырхановтың сөзінше, портреттік сараптама қорытындысы видеодағы адамның Сабина емес екенін анықтаған. 

“Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде интим және тіпті порнографиялық сипаттағы видео таратылып, салдарынан Сабина Мовлаеваны негізсіз айып тағылды. Қолымыздағы сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, видеода мүлдем басқа әйел тұр. Сарапшылар заманауи криминалистика әдістерін қолданып, адамның бет-әлпетіне байланысты ұқсастықтар мен айырмашылықтарды нақты анықтады. Осы дерек бойынша біз полицияға жүгіндік. Қазіргі таңда жала жабу және порнографиялық материалдарды тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді адвокат. 

Фото: https://www.instagram.com/sss.sabina/

Еске салайық, "Эскорт қызметін көрсетеді" деген Сабина Мовлаева атышулы видеодағы қыздың кім екенін анықтаған еді. 

Талқылау