Блогер Мерей Абилованың жұбайы, футболшы Димаш Қашкен ұлттық құрамаға шақырту алды
Фото: https://www.instagram.com/abilovva_m/
Танымал блогер Мерей Абилованың күйеуі, Жетісу футбол клубының қорғаушысы Димаш Қашкен Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір ұлттық құраманың бас бапкер міндетін атқарып жатқан Талғат Байсуфинов Лихтенштейн және Солтүстік Македония құрамаларымен өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Аталған тізімде Димаш Қашкен де бар.
Еске сала кетейік, Димаш Қашкен 5 қазан күні алматылық “Қайратқа” қарсы өткен матчта сынның астында қалған еді. Алайда соған қарамастан, қорғаушы ұлттық құрама қатарына ілікті. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу пікірталас тудырып отыр.
Қазақстан ұлттық құрамасы 10 қазанда Астана Аренада Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
Бұл ойын 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу матчы болмақ.
-
"Қонақүйде тұрғандай сезінеміз": Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті
-
"Ең қымбат сөмке – 11 миллион теңге": Мерей Абилова гардеробын көрсетті
Еске салайық, “Жетісу” сапында ойнаған блогер Абилованың күйеуі жанкүйерлердің сынына ұшыраған еді.
“Ағаш сияқты, не үшін доп теуіп жүр?”, “Мерейдің абыройын түсірмей, үйде отыра берсең қайтеді?, “Цирк”, “Мынау тіпті дұрыс доп тебе алмайды ғой”, “Келген допты тіпті қайтара алмайды”, “Байдың баласы”, – деген сынды жағымсыз пікірлер футболшының Instagram парақшасында жазылған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

