Блогер Эммануэлла Наурызбаева орамалын шешті
Фото: https://www.instagram.com/emmanuellanauryzbaeva
Қазақстандық блогер Эммануэлла Наурызбаева орамалын шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында шашын өзге түске боятқанын айтып, видео жариялаған.
Желі қолданушылары блогердің орамалсыз видео жүктегенін бірден байқап, түрлі пікір қалдырып жатыр.
“Өкінішті, орамалмен әдемі едіңіз”, “Осылай болатынын біліп едім”, “Алла сізге түзу жолды көрсетсін”, “Оқырман жинап алып, орамалын шешу блогерлер үшін оңай болды ғой”, “Әрине, біз сынай алмаймыз, Алла төреші. Бірақ еске салу керек, әрине, өте өкінішті. Алла оны тура жолға салсын. Мен неге екені белгісіз, оны хафиз болады және дінде ұлы әйелдердің бірі болады деп ойлаған едім. Сірә, ол өз таңдауын жасаған сияқты. Эмануэллаға деген тілегім – Алла жүрегіңді ашып, иманыңды күшейтсін”, “Күшті жарасып тұр”, “Не дегенімен орамал адамды қартайтады, енді жас қыз болып шыға келдіңіз”, “Неткен сұлусыз”, “Эммануэлланы сынамайық, әркім өз ісіне жауап берсін”, – деп жазған олар.
Оқырмандардың бірі блогердің орамалын эпилепсияға байланысты шешкенін алға тартты.
“Ол бұған дейін неліктен орамал шешкенін түсіндірді. Оны сынамайық. Ол эпилепсиямен ауырады, сондықтан оған басын орамалмен қатты қысуға болмайды. Ол орамал бос байлауға тырысқан, бірақ қолынан келмеген сияқты”, – деп жазды ол.
Дегенмен блогерді қолдап жатқандар да бар.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовті 5 күнге қамау туралы шешім шығарды. Кейін Алматыда блогер Эммануэлла Наурызбаева тағы қысымға ұшырағаны туралы жазған едік.
Ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе? Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді