Блогер қатігез пранкы үшін көше сыпырушы әйелдермен алдын ала келіскен, артынан тағы ақша берген
Фото: Видеодан скриншот
Блогер Эльмира Озай көше сыпыратын әйелдерді мейрамханаға шақырып, ақша беріп, кінәсін ақтап алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында алтын сатумен айналысатын блогер көше сыпырып жүрген әйелдерге дөрекі пранк ұйымдастырып, бірін жылатып тастаған еді.
Видеоға жүкті келіншек пен жас жігіт түскен. Ер адам көше сыпырушы әйелге айқайлап, намысына тиіп, қолындағы шемішкені лақтырып кеткен. Оған ара түсіп, сөйлеген әйелге де зекіп тастайды. Осы сәтте Эльмира Озай келіп, жігіттің қылығын "пранк" деп ақтап алады да, тазалықшыларға 5 мың теңгеден ұстатады. Блогердің видеосы қоғамдық резонансқа ұласып кетті. Көпшілік оны қатты сынап, жауапкершілікке тартуды талап етті.
-
"Екі аялдамадан кейін оятып жіберіңдер": Жолаушы автобуста төсек салып жатып алды
-
"Балалар қайталап жүрмесін": "Қалаулым" қатысушысы өзін-өзі өртеп жібере жаздады
Осыдан кейін Алматы полициясы дөрекілік көрсеткен жігітті 10 тәулікке қамады. Полиция департаменті пранктің жауапкершіліктен босатпайтынын айтып, заңның бәріне ортақ екенін мәлімдеген. Алайда мұны ұйымдастырған блогер ешқандай жазаға тартылмады.
Көп ұзамай Эльмира Озай қатігез пранктің құрбандарын мейрамханаға шақырып, тамақ алып берген. Әйелдердің айтуынша, олар видеоға өз еркімен түскен "әртістер" екен. Жаман пікірлерден жүрегім ауырды деген блогер жылап-сықтап, өзінің өмірбаянын айтып, аудиторияның аяушылық сезімін туғызуға тырысты. Сонымен қатар ол екі әйелге тағы да 200 мың теңгеге жуық ақша беріп, олардың ризашылығын сатып алды.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
