БҚО тұрғындары Ресейге табыс табу үшін кетіп жатыр
Фото: pinterest.com
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарының бір бөлігі көп табыс табу үшін Ресейге жұмысқа кететінін мойындады. Дегенмен, оның айтуынша, облыста жұмыссыздық мәселесі жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Біз 23 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Бұл ең басты міндетіміз. Бос жұмыс орындары бар, керісінше, бізде жұмыс күші жетіспейді", - деді әкім.
Өңір басшысы облыстағы жұмыс берушілердің 250–500 мың теңге аралығында жалақы ұсынатынын, Ресейде қазақстандықтарға 600-800 мың теңге көлемінде вахталық жұмыс ұсынатынын айтты.
"Әрине, бәрі көбірек табыс тапқысы келеді. Мұнда ешкімді тоқтату мүмкін емес, бұл адамның жеке таңдауы", - деді Төреғалиев.
Журналистер сондай-ақ әкімнен облыстан кеткен жұмысшыларды бақылап отыра ма, олардың Ресей әскери күштері құрамында соғысқа қатысу жағдайы тіркеліп-тіркелмегенін сұрады.
"Жоқ, мұндай жағдайлар болған жоқ. Мен сіздерге айтамын. Біз бақылап отырмыз", - деді облыс басшысы.
.Айта кетейік, бұған дейін облыс басшысы БҚО-да қытайлықтар киік етін қайта өңдейтін зауыт салып жатқанын айтқан еді
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік