Ақтөбе облысында жол апатынан үш мұғалім қаза тапты
1 маусымда Самара-Шымкент тас жолында Lada Largus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысып, салдарынан "Ладаның" үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Түрлі жарақат алған төрт зардап шегуші медициналық мекемеге жатқызылды. Белгілі болғандай, "Лада Ларгус" автокөлігінде Батыс Қазақстан облысының мұғалімдері болған, олардың үшеуі Орал қаласындағы мектептерде жұмыс істеген. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаза тапқандардың бірі №47 орта мектепте мұғалім-дефектолог болып жұмыс істеген. Тағы екеуі №5 және №9 орта мектептерде жұмыс істеген, олар тірі, Қобда аудандық ауруханасында ауыр халде жатыр.
Оқытушылар осы жылы Ақтөбе университетін сырттай бітіріп, диплом алуға бара жатқаны анықталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген