Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да соңғы қоңырау болатын күні мектепте күзетшінің өлі денесі табылды

Батыс Қазақстан облысында мектепте оқу жылының соңғы күнінде мектеп күзетшісінің өлі денесі табылды.

10358

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

58 жастағы күзетші жүрек ауруымен ауырып жүрген екен. Ол Шыңғырлау ауылындағы Лұқпан Клышев атындағы мектепте 17 жылдан бері жұмыс істеген.

Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Сапаровтың айтуынша, күзетшінің өлі денесі 25 мамыр күні таңертең табылған.

“Біз сол жаққа бардық. 58 жастағы күзетші жұмыс орынында көз жұмған. Ол мектепте 17 жыл бойы істепті. Сараптама көрсеткендей, ер адам жүрек ауруы кесірінен қайтыс болған”, – деді Абзал Сапаров.

Қайғылы оқиғаға қарамастан, ауыл мектебінің оқушылары бұл күні соңғы қоңырау салтанатын өткізді.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында екі жігіт асқан қатыгездікпен зорлаған бойжеткен өз өмірі үшін қорқып жүр

Асан Пердешов әйеліне қол көтергендіктен ажырасқанын мойындады

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды

Талқылау