Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да көпбалалы отбасы 18 жылдан бері мемлекеттен үй ала аламай жүр (видео)

Бөкейордасы ауданы, Сайхин ауылында тұратын көпбалалы отбасы 18 жылдан бері мемлекеттен үй ала алмай жүр. Олар қирап қалған өз үйлерінен тастап, амалсыздан қалада пәтер жалдап күн көруде.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» хабарлады.

Айнагүл Бурабасованың 5 баласы бар. Үй кезегінде көп балалы отбасы ретінде тіркелген.

Видеодағы ескі, қираған ғимаратқа қарап, онда үлкен отбасы тұрды дегенге сену қиын. Үй шатыры жұқарып, қабырғалары жарылып жатыр.

Көпбалалы жалғызбасты ана 2000 жылдары үй кезегіне тұру үшін құжаттар жинаған. Содан бері жаңа үй күтіп келгендеріне 18 жыл болған.

«Бұл менің жалғыз үйім. Қабырғалары бұзылып, төбесінен су тамшылайды. Мұнда өмір сүруге болмайды. Мен дайын үй алу үшін кезекке тұрдым. Маған жер керек емес. Онда үй салатын күйеуім жоқ, ақшам жоқ, өзім сала алмаймын. Өткен жылы кезекте 22 орында тұрғанбыз. Үйді апатты жағдайда деп танитын комиссия келуі үшін 20 мың теңге керек», – дейді жалғыз басты ана Айнагүл Бурабасова.

Айнагүл 4 жыл бұрын Оралға көшіп келген. Ескі, қираған үйде тұру мүмкін болмады, дейді ол. Қалада көпбалалы отбасы туыстарымен айына 50 мың теңгеге пәтер жалдап отыр.

Аудан әкімшілігінің айтуынша, пәтер осы немесе келесі жылы берілуі мүмкін.

«Айнагүл Бурабаева үй кезегінде 22 тұр. Өткен жылы 28 отбасыға берілді. Осы жылы 42 отбасыға беріледі. Егер бұл отбасы биыл ілікпесе келесі жылы міндетті түрде үй алады», – деді Бөкейорда ауданы әкімі Нұрлан Рақымжанов.

Бөкейорда ауданында келесі жылы 52 үй салынады.

Тағы оқыңыз:

Алматылық азамат 200 теңгеге жолаушыларды лимузинмен тасып жүр

Министр Абу-Даби ғимаратындағы дауға қатысты түсініктеме берді

Алматылық жігіт Атырауда жезөкшелер үйін ашқан

Ақмола облысында екі отбасы оралманның жалға беріп кеткен үйіне таласып жатыр

Талқылау