Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да көңілдесіне ашуланған ер адам өзін өртеп жіберді

Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылында 1 қыркүйекке қараған түні қайғылы оқиға болды.

20160902132310

Ақсуат ауылдық округінің әкімі Любовь Есқалиеваның айтуынша, осы елді мекендегі 1974 жылғы Бибігүл есімді әйелге Ақтау қаласынан өзі вахталық әдіспен жұмыс жасайтын Өтеген деген ер адам келіп тұрады екен (екеуінің 10 жаста қызы бар).
Осы жолы келгенде, әйел телефонмен сөйлесіп жатқан. «Мен келгенде, басқа біреумен сөйлесіп жатырсың» деген ер адам оның телефонын жұлып алып, Подстепный ауылында тұрған жүк көлігіне кетіп қалған. Содан кейін әйел учаскелік полиция инспекторына шағым түсіреді. Подстепныйдағы тірек пунктінде полиция инспекторы екеуін кездестіріп, татуластырады. Бірақ түнде келгенде, әйел ер адамды үйіне кіргізбейді. Соған ерегіскен ер адам үстіне бензин құйып, өртеп жібереді.

Оның Ақтау қаласында әйел, бала-шағасы, немерелері бар көрінеді.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, 1 қыркүйекке қараған түні Әйтиев ауылынан 1965 жылғы ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Оның денесінің 95 пайызын күйік шалған. Сондықтан қаншама көмек алғанымен, есін жия алмастан кеше көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның басқа да жай-жапсары анықталу үстінде.

 

Талқылау