БҚО-да "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонды
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы апатты жағдайда қонғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына аттанған мамандар мұның себебін анықтайтын болады.
"Батыс Қазақстан облысында магистральді мұнай құбырын шолып қарау барысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонды. Әрине, мұндай фактілерге барынша жаупкершілікпен қараймыз. Борт сақтандырылған. Мерзімді техникалық қызмет көрсетуден 2023 жылдың қаңтарында өткен. Экипажбен телефон арқылы әңгімелесу болды. Бортта болғандардың барлығы тірі. Қандай да бір құтқару жұмыстарына бұл жағдай әсер етпейді", – деді Руслан Иманқұлов.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құтқару қызметтері, соның ішінде авиация штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"