БҚО-да екі жыл ішінде маңызды салаларға 500-ден астам қажетті техника сатып алынған
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында 2023-2024 жылдары тіршілікті қамтамасыз ететін салалардың материалдық техникалық базасы жаңғыртылудан өтті.

Маңызды салаларға 530 қажетті техника сатып алынды. Оларға облыстық бюджеттен 10 млрд.теңгеден (10,3 млрд) астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, төтенше жағдай саласына – 44 бірлік, полиция департаментіне – 165 бірлік, орман мекемелеріне – 88 бірлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына – 58 бірлік, денсаулық сақтау саласына – 117 бірлік, білім саласына – 58 бірлік техника алынды.

Материалдық техникалық базаның жаңғыртылуы – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына әкеледі.

Алдағы уақытта материалдық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасады.

"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды