БҚО-да әкесін өлтірген азаматша 8 жылға сотталды
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Венера Мұхамбетова ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. В.Мұхамбетова биылғы 16 шілдеден 17-сіне қараған түні спирттік ішімдік ішу барысында әкесі мен ағасының арасында туындаған ұрысты желеу етіп, сөмкесінен асүй пышағын алып, әкесіне үш рет соққы жасаған. Марқұм сол жерде жан тапсырды.
Талқылау