Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 50 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылған

Батыс Қазақстанда 53 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

жер

Мұны "Жер аманаты" комиссиясының мүшелері айтты. Бұрын көп жерлер меншіктелгендіктен, кәсіпкерлерге жер жетпей, егінмен айналыса алмады.

“Кейбір фермерлер өз жерлерін тиімді пайдаланбайды, өйткені оларда мал жоқ. Олар учаскелерді басқа адамдарға пайызбен жалға береді. Бұл – үлкен проблема. Біздің ойымызша, егер жер болса, оны мақсатына сай пайдаланып, дәнді дақылдар өсіріп, мал жаю керек. Әйтпесе жерді мемлекетке қайтарып, учаскелерді фермерлерге беруі тиіс. Содан кейін жастар қалаға кетуге ұмтылмай, ауылда мал шаруашылығымен айналысады”, – деді кәсіпкер Бауыржан Сабанов.

Биыл бес айда 50 мың гектар жер мемлекетке қайтарылуы керек деген жоспар болған. Жоспар толығымен орындалды. 

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 21 Маусым, 2023 07:42