“БҚО әкімі сән-салтанатты резиденцияда тұрады”: Нариман Төреғалиев өзі туралы тараған ақпаратқа жауап берді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал маңындағы сән-салтанатты резиденцияда тұрады деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін БАҚ-та Батыс Қазақстан облысының әкімі Оралдағы жабық резиденцияда тұратыны, оны ұстауға жыл сайын бюджеттен 100 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалатыны, бұл тіпті әкімдік ғимаратын күтіп-ұстау шығындарынан да қымбат екені туралы ақпарат тараған еді.
Нариман Төреғалиев бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Біздің облыста резиденция жоқ. Бұл нысан заңға сәйкес қорғалатын тұлғалардың уақытша тұруына және ресми делегацияларды қабылдауға арналған. Оның резиденция мәртебесі жоқ. Мұны дұрыс түсіну керек. Халық арасында оны "резиденция" деп атауы – жай ғана сөз. Заң бұл нысанның мақсаты мен функцияларын нақты айқындайды", – деді облыс әкімі.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды