Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО әкімі дүкен сөрелерінен тұздың жоғалып кетуін түсіндірді

тұз жоғалып кеткенФото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев әлеуметтік желілерде көрсетілген Орал және Ақтөбе дүкендерінде ас тұзының жоғалып кетуін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде тұз тапшылығы болған.

"Тұз ресейлік “Руссоль” компаниясында өндірістік қиындықтар туындағандықтан болмады. Кәсіпорын жұмысы 10 күнге тоқтатылды, сондықтан да дүрбелең туындап, тұз болмай қалды", – деді Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әкім тұз Атырау және Қызылорда облыстарынан әкелінгенін, сондай-ақ ресейлік өндірушіден қайта жеткізілгенін айтты.

"Қазір жеткілікті мөлшерде тұз бар. Дүкен сөрелерінде ешқандай проблема жоқ. Ең арзаны 55 теңге, ең қымбаты 69 теңге", – деді әкім.

Сонымен қатар Төреғалиев ресейлік тұз Қазақстандағы тұздан неге арзан екенін түсіндірді.

"Ең бастысы логистика. Оренбор бізге жақын, 230 шақырым қашықта орналасқан, сондықтан көлік шығыны аз. Ал Қызылорда шалғай екенін білесіздер", – деді ол.

Еске салайық, қарашаның соңында Қазақстанның батысындағы дүкендерде тұздың жоғалып кеткені туралы хабарланған еді.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі еттің қымбаттауы туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарып, облыста сиыр еті бағасы республика бойынша ең төмен екенін мәлімдеген еді.

Рая Мінәп
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 18:49