Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі деген баға қойғандарды қолдаймын": Черчесов Қазақстан құрамасында жасап жатқан жұмысына баға берді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов жұмыс нәтижесімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: championat.com

61 жастағы маман Қазақстан футбол командасын жаз айынан бері басқарып келеді. Қыркүйектен қарашаға дейін команда Ұлттар лигасында алты матч өткізді. Бірақ бірде-бір гол соқпай, бір ұпай жинап, С дивизионына түсіп қалды.



"Нәтижеге екі жазықтықта баға беруге болады. Кестеге қарап, сенімді түрде, минус үш деген баға қоя аласыздар. Бірақ іште көрінбейтін жұмыстар, қайта құру қарқынды жүріп жатыр. Команданы қабылдаған кезде жеребе тартылып қойған. Кіммен ойнайтынын да біледі. Бірақ барлық кезеңнен өтіп кете алмадық. Содан кейін басқа стратегия құрдық. Бірақ бәрібір де қарсылас объективті түрде күшті болды. Танысуға, қайта құруға және дайындалуға көп уақыт қажет болады”, – деді Черчесов.

Черчесов, командағы жастар құрамасынан төрт ойыншы алғанын мәлімдеді. 

"Міндетті түрде тәуекелге барасың. Мәселен, бір командаға келесің, бәрі қызғылт түсті, әдемі болып тұрмайды. Сол себепті өзіңді алда не күтіп тұрғанын білесің. Мен жалғыз емеспін. Жанымда жаттықтырушылар штабы бар. Бірлесіп алда не болуы мүмкін екенін, неге дайындалу керегін, оны қалай өзгерту қажет ойластырып жатырмыз.  Жағдай солай. Бізге екі деген баға қойғандарды қолдаймын. Бірақ іште жұмыс жүріп жатыр. Жастар құрамасынан төрт ойыншы алдық. Жүйені өзгерттік, төрт қорғаушымен ойнай бастадық”, – деді Черчесов. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов командасы жеңілуден УЕФА Ұлттар лигасының рекордын орнатқаннан кейін мәлімдеме жасаған еді. Айтуынша, жаттығуға дұрыс жағдай болмаған. 

Талқылау