Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біздің мәселелерді жасырып қалатын әдетіміз бар": Тоқаев Екібастұздағы апаттан сабақ алып, тергеу жүргізуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қақаған қыста жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындарына шыдамдылық танытқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Екибастуз кыргыздар

"Екібастұзда болған жағдай – нағыз апат. Осы қала тұрғындарына шыдамдылық көрсетіп, азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Еріктілердің атқарған еңбегін де елеп өтсем деймін.

Бұл жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығын айқын көрсетті. Біздің мәселелерді жасырып қалатын әдетіміз бар. Біз бұл оқиғадан сабақ алып, оқиғаның салдарына тергеу жүргізуіміз керек. Әрі қарай тиісті шешімдерді қабылдаймыз", - деді Тоқаев дүйсенбі күнгі үкімет отырысында.



Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан Екібастұздағы жағдай туралы баяндауды сұрады.

Бұл мәселеге байланысты Павлодар облысының жаңа әкімі Асаин Байханов баяндама жасауы тиіс еді, бірақ президент оның қызметке енді тағайындалғанын алға тартып, оны шақырудың қажеті жоқ екенін айтқан.

Талқылау