Біздің “допингіміз” – қазы-қарта: Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы
Фото: Қазақстан ауыр атлетика федерациясы
2024 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионы Нұрғиса Әділетұлы жуырда өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында топ жарып, үш бірдей алтын медальді ел қоржынына салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы жетістіктен кейін спортшымен хабарласып, сұхбаттасқан едік. Әңгіме барысында Нұрғиса халықаралық допинг бақылау орталығы кез келген уақытта сынама ала алатынын айтты.
Ол өзін таза екенін айтып, ешқандай тыйым салынған препарат қолданбайтынын жеткізді.
“Халықаралық допинг қызметі кез келген уақытта тексеріс жүргізе алады. Біз оған әрқашан дайынбыз, себебі ешқандай тыйым салынған қоспалар қолданбаймыз. Біз – таза спортшымыз. Артық-ауыс допинг қолданбаймыз, өз күшімізбен дайындаламыз. Қазы-қарта, ет жейміз, біздің “допингіміз” – осы табиғи тағамдар. Жылына кем дегенде 4–5 рет допинг тестінен өтеміз. Жарыстардағы нәтижеге байланысты қосымша тексеріс те болуы мүмкін”, – дейді Нұрғиса Әділетұлы.
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы 2024 жылы Манамада өткен Әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаевтан кейін араға он жыл салып әлем чемпионы атанған еді. Сонымен қатар 2020 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады

