Біздің арамызда кім ішімдік ішпейді: Бердоңғаров Тінікеевке жақтасты
Тәңірберген Бердоңғаров Мұхтар Тінікеевпен ара қатынасы жайлы сұрайтындарға жалпылай жауап берді.
«Достарым маған жеке жазып, Тінікеев екеуміздің ара қатынасымыз жайлы сұрайды. Әрқайсысына жеке жауап беріп отырмас үшін осында жазып отырмын», – деп бастады сөзін Бердоңғаров желідегі парақшасында.
«Желіде жарияланған көріністердің арқасында көпшілік ақпараттық фастфуд жеп, лайк басып, не керісінше ұнмайтынын білдіріп жатыр.
Бұл әлемде абыройың түкке тұрмайды. Ондайлар топ-тобымен Инстаграмдағы әдемі қыздардың суретін қарап, көйлегін көру үшін әркімнің пікірін оқып отырады.
Немесе сәтсіздікке ұшыраған біреуге «Ату!»» деп тап береді. Онысы мен өзгелерден кереметпін дегісі келгенге ұқсайды.
Тінікеев не себепті кінәлі болды?
- Ішімдік ішті
- Өзгеге «сес көрсетті»
- Депутат
Енді әрқайсысына тоқталайын.
- Ал, пікір жазушылардың қайсысы ішпейді. Азаматтардың тең жартысы ішімдік ішеді. Ал, пікірге қарасақ, мұнда бәрі періштедей.
- Бүгін желіде Николай Полевойдың «Бұл Тінікеев екеумізге қатысты әңгіме. Бұл біздің жеке мәселеміз. Біз Мұхтар Бәкірұлымен бала кезден бері келе жатқан достармыз» деп жазған. Мағынасына қарасақ, оған да себеп бар секілді. Яғни, өзінің бір кінәсі бар дегенге саяды. Қарыз үшін, алдағаны үшін не уәде үшін болуы мүмкін.
- Тінікеев қарапайым адамдар қатарынан шыққан. Өзі Қарағандыда шахтерлар арасынан ұсынылды. Және Парламентте қарапайым елдің мәселесін айтатын адам ретінде қала береді. Депутат өз айтқанын орындауы тиіс. Айтпақшы, оның аты-жөні белсенді депутат ретінде танымал.
Әркімнің берер бағасы әр түрлі. Алайда, эпизодқа қарап емес, шын мәнінде болған жағдайға қарап бағалайық», – деп жазады Бердоңғаров.
Бұған дейін желіде Мұхтар Тінікеев делінген ер адамның қатысуымен видео пайда болған еді. Бейнематериалда мәжіліс депутаты Николай Полевой есімді Қарағанды қалалық мәслихатының депутатын басынан ұрып жатады. Кейіннен мәслихат депутатын соққыға жыққан Мұхтар Тінікеевтің ауруханаға түскені хабарланды.