Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз жетім қалдық: Ерлі-зайыптылар Кемероводағы сауда орталығының жанында балаларын жоқтады

Ерлі-зайыпты Сергей мен Наталья Агарковтыр “Зимняя вишня” СО-дағы өрттен анасы мен 2 баласынан айырылды. Олар ешқандай туысы қалмағандықтан жетім қалғандарын айтып күйінеді.

Бұл туралы  РИА Новости жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

68 жастағы анасы Надежда Василейқызы, 10 жасар қызы Маша мен 8 жасар Костя қаза тапты. Маша мектепте озат оқушы болған.

“Маша “еңбек пен қорғанысқа дайындық” тестін тапсырып, сәтті өтіп еді. Ол жақсы спортшы, қашып шығуына болар еді, тек есіктердің барлығы жабық болған“, – дейді әкесі.

Сол күні Агарковтар демалысты әжесімен бірге өткізсін деп балаларды апарған.

“Мен оларға “Аврораға”(қаладағы басқа кинотеатр) барыңдар деп айттым. Бірақ Маша қоян туралы мультфильм “Кролик Питер” көргісі келген”, – дейді  Сергей.

Әжесі мен балалар кинозалдан шығып үлгермей, түтінге тұншығып қалған.

“Анамның телефонына қоңырау шалсам күні бойы жұмыс істеп тұрды. Демек олар тұншығып қалды”, – дейді ол.

Сергей туған балаларын мәйітханадан аяқ-киімдері арқылы таныған. Сәрсенбі күні оларды жерлеу рәсімі өтеді.

“Біздің ешкіміміз қалған жоқ, болды, біз жетімбіз. Қазір балконға шығып темекі тартамын. Мен оларды мектепке шығарып салатынмын. Балконнан қарағанда олар сөмкелерін асынып мектепке кетіп бара жатады”, – деп жылады Сергей. Онымен қосылып жұбайы Наталья да жылай берді.

Еске сала кетейік, 25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласындағы “Зимняя вишня” СО-да өрт шықты. Әзірше қаза тапқандардың саны 64 адам, оның ішінде балалар да бар.

Өрт ғимараттың жоғары қабатында кинозалдар, ойын алаңдары мен аттракциондар орналасқан жерден шыққан.

Тағы оқыңыз:

Сарапшылар болашақтағы ең мықты саналатын елдерді атады

Дәретханаға түскен телефонды алмақ болған үш адам көз жұмды

Павлодарлық бір отбасы Кемероводағы өртте көз жұмған

Үш бала бұрышта жылап тұрды: Кемероводағы өрт кезінде 17 жастағы жеткіншек сәбилерді құтқарып қалған

 

Талқылау