Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз жақсы ойнадық, бірақ матчтың шешуші сәттерінде нақтылық жетіспеді" — Реал Мадрид Ливерпульге есе жібергеннен кейін басты қателіктерін атады

Фото:Stan.kz collage

Чемпиондар лигасының 4-турында “Энфилдтегі” стадионда “Реал Мадрид пен” “Ливерпуль” арасында тартысты ойын өтті. Қос команда арасында бәсекеде алаңғы иелер “Ливерпуль” 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы матчтан кейін корльдік клубтың бас бапкері Хаби Алонсо ойынның тең дәрежеде өткенін алға тартты.

Бапкер ойын барысында шешуші сәттерде “Реал Мадридке” нақтылық жетіспегенін айтуда.

 

    "Ойын өте жоғарғы деңгейде тең дәрежеде өтті. Алайда соңғы минуттарда тым көп стандарттарға жол бердік бұрыштама, айып соққылары. Бірінші таймда өзімізді сенімді ұстадық, ал екінші таймда себепсіз жиі фол жасап, қарсыласқа мүмкіндік беріп қойдық. Осыдан кейін көп қателік жібердік. Сондықтан қарсыластың қақпасына жақындау қиындап кетті", – деді Алонсо.

Дегемен Хаби Алонса бұрынғы ойындардан қарағанда “Реал Мадрид” осы жолы “Ливерпульге” қарсы өте сенімді ойнағанын, шәкірттеріне риза екенін жеткізді.

“Бұл ойын "Метрополитанодағы" 2:5 есебімен ұтылған кездегідей емес. Бүгін жігіттер әлдеқайда сенімді ойнады, мінез көрсетті және соңына дейін күресті. Иә, жеңіліс оңай емес, бірақ жеңілудің де өз жолы бар”, — деді бапкер.

Айта кетейік, бұл нәтижеден кейін “Реал Мадрид” 9 ұпаймен Чемпиондар лигасында бесінші орынға тұрақтады. Ал “Ливерпуль” болса 6-орынға жайғасты.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 05 Қараша, 2025 12:19
Талқылау