"Біз үшін әрдайым жеңімпазсыз": Министр Аида Балаева халықаралық байқауда жеңіліп қалған Amre-ге қолдау білдірді
Фото: https://www.instagram.com/amre_official/
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Amre лақап атымен танылған әнші Ернар Садырбаевқа Интервидение-2025 байқауына қатысқаннан кейін қолдау көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол өзінің Instagram парақшасында әншінің шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқаудың оның өнерінің ауқымын анықтай алмайтынын айтты.
“Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!, – деп жазды Аида Балаева.
-
"Шаяхметова, Балаева, Бахмутова": Forbes Kazakhstan ең ықпалды әйелдер тізімін жаңартты
-
Министр Балаева Сара Назарбаеваның қаза болғаны жөніндегі қауесетті "қатыгездік" деп бағалады
Айта кетейік, Мәскеуде өткен "Интервидение" халықаралық ән байқауында вьетнамдық әнші Дык Фук жеңімпаз болды. Қырғызстан екінші орынды иеленді, ал Катар мемлекетінен келген өнерпаз үздік үштікке ілінді.
Жеңімпазды әр елден бір сарапшыдан тұратын халықаралық кәсіби қазылар алқасы анықтады. Жеңімпазға 194,7 миллион теңге (359 800 АҚШ доллары) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Олар сондай-ақ БАҚ мәртебесі мен серіктес сыйлықтарын алады.
"Live Арена" алаңындағы сахнаға 22 мемлекеттің өкілдері шықты. Қазақстан атынан Amre есімімен танымал болған Ернар Садырбаев қатысты. Ол 7-орынға шығып, үздік 10-дыққа ілікті.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
