"Біз оларды еркелетіп алдық": Соловьевтің бағдарламасында тағы да Орталық Азия елдеріне қатысты даулы мәлімдеме жасалды

Ресейдің "Россия 1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасында тағы да Орталық Азия мемлекеттері мен Кавказ елдеріне қатысты даулы пікірлер айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағдарлама қонағы саясаттанушы Сергей Михеев пост-кеңестік мемлекеттердің сыртқы саясатын сынға алған.
Михеевтің пікірінше, Ресей Орталық Азия елдеріне еңбек миграциясы мен экономикалық көмектен бастап басқа да қолдаулар көрсетеді, алайда бұл елдер осы мүмкіндікті Ресейге қысым көрсету үшін пайдалануда.
Бағдарлама жүргізушісі Владимир Соловьев бұл пікірлерді қолдап, бұған дейін өзі де ұқсас өткір мәлімдемелер жасағанын, кейде сондай пікірілері үшін Ресей елшілерінің шақырылуына дейін әкелгенін айтады.
“Біз оларды еркелетіп алдық. Иә, біз оларды шынымен еркелетіп алдық. Олар өз орындарын білуі қажет. Ресей олар үшін тым көп нәрсе жасады”, – деді Сергей Михеев.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёв Мәскеудің “арнайы әскери операцияны” Украинада ғана емес, посткеңестік кеңістіктегі өзге елдерде де бастауы қажет екенін айтқан мәлімдемесі қызу талқыға түскен еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”