Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9 жыл күткен ғажайып": Блогер Елдос Колобок алғаш рет әке атанды

Ата-ана атандыФото: https://www.instagram.com/eldos_kalabok?

Белгілі блогер Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жағымды жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, сүйінші сұраған. 

“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын!
Қош келдің, ұлым. 12.11.2025. 
Ішпей-шекпей де мас болуға болады екен. Бақыттан басым айналып, ұшып жүрмін, ағайын. Сезімді жеткізе алмай жазып отырмын. Жүрегім ішіме сыймай жатыр. Шүкір, шүкір, шүкір”, – деп жазған ол.

Желі қолданушылары блогерлердің қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Осы күнге де куә болдық, бауы берік болсын”, “Қуанышымыз ұзағынан болсын”, “Аллаға мыңда бір шүкір, осы күнді бәріміз күттік қой. Батырдың бауы берік бослын”, “Бауы берік болсын! Алладан шын ниетпен тілеп алған нәрестелеріңіздің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын”, “Бауы берік болсын! Сіздер үшін қуаныштымыз, мүмкін емес дүние жоқ екенін дәлелдедіңіздер”, “Артынан іні-қарындастары ере берсін”, – деп жазып жатыр олар.

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан көптен күткен қуанышын бөлісіп, сүйінші сұраған белгілі блогерлер gender party жасағаны хабарланған болатын. Танымал жұпты қазақстандықтар жарыса құттықтады.

Еске салайық, Елдос Кәдірханов не себепті бала асырап алғысы келмейтінін айтқан еді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 09:59
Талқылау