Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады
Биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы жаңа жәрдемақы алады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты.
Бұл жәрдемақыны 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Мемлекеттік жәрдемақы оларға өмір бойы төленеді. Маңыздысы — әйелдің мүгедек баласына күтім жасаған жылдары зейнетке шыққанда еңбек өтіліне қосылады. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қарастырылып отыр, деп хабарлайды Sputnik.
“Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” заңға бірінші топтағы мүгедекке бала кезінен күтім жасайтын 18 жастан асқан адамдарға арналған жаңа жәрдемақыны енгізу нормалары бекітілді”, — деді Әбілқасымова.
Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы” заңға енгізілетін түзетулер әлеуметтік қызмет көрсетуге тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар азаматтардың, отбасы мүшелерінің, жеке сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың бірдей қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта әлеуметтік қызметкерлерге арналған жаңа біліктілік талаптары, медициналық стандарттар мен медициналық мекемелердің стандартты ережелері талап етіледі.
Оқи отырыңыз:
eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі
Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)
Назарбаев тағы бір өмірлік мәртебе алды