"Биткоин стилінде шифрлайды": Илон Маск X платформасында мессенджерді іске қосты

Фото: x.com
Илон Маск X платформасында жаңа XChat мессенджерінің іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
XChat-тың жаңа нұсқасында шифрлау, жоғалатын хабарлар және кез келген файлдарды жіберу мүмкіндігі бар.
"Аудио және видеоқоңыраулар қосылды. Платформа биткоин стилінде шифрлау және мүлде жаңа архитектурасы бар Rust-та құрылған", – деді Маск.
Ол қоңырау шалу үшін телефон нөмірін пайдаланудың қажеті жоқ екенін айтты.
Илон Маск адам миына көру қабілетін қалпына келтіретін чип орнатпақ
Илон Маск адамдардың Марсқа қашан бара алатынын айтты
Techcrunch порталы XChat қазір чаттың бета нұсқасын сынап жатқанын түсіндіреді. Ақылы жазылымы бар кейбір X пайдаланушылары чатқа кіре алады. Жаңа хабар алмасу жүйесі іске қосылуға дайын.
XChat бұрыннан Twitter-де бар DM функциясының сенімді нұсқасы ретінде ойластырылған.
Талқылау
"16 жерінен пышақтап, сойып тастаған": Алматы облысында әкесі 15 жастағы қызын қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді
Әйелі – бухгалтер, ал күйеуі – қасапшы болып, бұрындары жұмыс істеген
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады
Заңгер тұрғын үйдегі ақауларды мүмкіндігінше ертерек құжат жүзінде тіркеудің маңызын атап өтті