Бішкекте автобус жүргізушісі зейнеткерлерден жолақысын алмайды
Бішкекте №204 автобус жүргізушісі зейнеткерлерден жолақысын алмайды. Салонға кірген қарттарға жүргізуші тегін жүретінін бірден ескертеді екен.
Зейнеткерлердің бірі оған алғысын жаудырса, енді бірі мұның мәнісін сұрап жататын көрінеді. Бақтыбек есімді жүргізуші мұның ешқандай себебі жоқ екенін, тек осылайша қайырымдылық жасағысы келетінін айтады, деп жазады Zanoza.kg.
«Мен өзімізден үлкендерді өте құрметтеймін. Сондықтан оларға мейірімділік таныту керек деп шештім. Екі айдан бері қарттардан жолақы алмай келемін. Өзге автобус жүргізушілері де осылай жасағысы келетінін айтады, бірақ кірісі аз болып қалатынын айтып қорқады. Бірақ мен одан еш ұтылмайтынын көрсетіп келемін. Мың сом берекесіз ақшаң болғанша, берекесімен жүз сом ақша тапқаның жақсы. Бұған өмірімде көзім жетіп болған», – дейді ол.
Бақтыбек өзінің есімін толық атамауды сұрады. Ол қайырымды істі жария қылмай жасырын істеу керегін, оң қолың қылған жақсылықты сол қолың білмеу керегін айтады.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкенттік әже тұрмысы төмен балаларды оқуға түсіріп қайырымдылықпен айналысады
ОҚО-да 19 жастағы жігіт мүгедектігіне қарамастан жеке бизнесін жүргізіп отыр
«Қазақстан Аруы-2016» ақшалай сыйақының жартысын қайырымдылыққа жұмсамақ