Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың анасы туысын 1 миллион долларды иемденіп кетті деп айыптап сотқа берді

Фото: Жоғарғы сот

Астанада Куандық Бишімбаевтың анасы өз туысын 1 миллион долларды иемденіп кетті деп айыптаған алаяқтық ісі бойынша сот процесі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлімі 2-тармағы бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) қаралып жатыр. Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова туысы Бекзат Кемеловаға айып тағып отыр.

Белгілі болғандай, биыл көктемде Бишімбаевтардың ата-анасы осы туысы мен оның жұбайын сотқа берген. Олар 1 миллион долларды сақтауға берген, бірақ ақша өздеріне қайтарылмағанын айтқан еді. Сол іс кейін басқа судьяның қарауына беріліп, процесс қайта басталды.

"Айыпталушы Бекзат Кемелова Альмира Нұрлыбекованың қолында 990 мың доллар бар екенін біліп, ұлы Куандық Бишімбаевқа қатысты тергеу ісіне байланысты психологиялық күйзелісін пайдаланып, "Антикор қызметкерлері мүлкін тартып алады" деп сендіріп, ақшаны өзіне беруге көндірген", - деді прокурор сотта.

Айыпталушының мүддесін қорғаушы адвокат Игорь Вранчев  бұған дейін Қуандық Бишімбаев ісінде Нүкеновтер отбасының өкілі болған.

Адвокаттың айтуынша, мұндай жағдай мүлде болмаған. Бишімбаевтың анасы туыстары ұлының басына күн туғанда көмектесуден бас тартқан соң сотқа жүгінген. 

"Шын мәнінде, ешқандай ақша берілмеген. Біз сотта бұны дәлелдейміз. Барлығы екі отбасының арасындағы жанжалдан туындаған", - деді адвокат.

Сондай-ақ адвокаттың айтуынша, айыпталушы Кемелованың күйеуі бұрынғы сот-медициналық сарапшы, ол Бишімбаевтар отбасына Салтанат Нүкенованың ісі бойынша белгілі бір "келісімдер" жасауға көмектесуден бас тартқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туыстары Қайрат пен Бекзат Кемеловтерді сотқа берді. Бұрынғы шенеуніктің анасы Бекзатты миллион долларға жуық алаяқтық жасады, ал оның күйеуін жала жапты деп айыптады. Биыл мамыр айында Астанада Куандық Бишімбаевтың ата-анасы Қайрат Кемеловке қарсы "ар-намыс пен абыройды қорлау" ісі бойынша сотта жеңіске жеткен болатын

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 18:13
Талқылау