Бишімбаевтың әкесі жеке университет ашатыны рас па – Министрлік жауап берді
Желіде әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University брендімен жекеменшік университет ашып жатыр деген ақпарат пайда болды. Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпараттың қаншалықты рас екеніне жауап берді.

Министрлік "Білім туралы" заңға сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы кез келген білім беру қызметі лицензиялауға жататынын еске салды. Тиісті лицензияларды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беру министрліктің құзыретіне жатады.
"Министрлік Bishimbayev University-дің білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды. Сондай-ақ электронды лицензиялау ақпараттық жүйесінде ондай сұрау болмаған", – делінген ведомствоның жауабында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"