Бишімбаевтар Салтанат Нүкенованың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге берген
Фото: instagram.com/aitym
Астана сотында Қуандық Бишімбаевтың туысы Бекзат Кемеловаға қатысты алаяқтық бойынша іс қаралуда. Сотта Уәлихан Бишімбаевтан жауап алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бишімбаевтың әкесі марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарына берілген ақшаның егжей-тегжейін айтып берді. Оның сөзінше, күдіктінің күйеуі Қайрат Кемелов Салтанаттың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге берген.
“Ол күні туыстар түгелдей делегация болып бардық, алдымен кешірім сұрау үшін және басқа да мәселелер үшін. 1,5 миллион теңге Қайраттың қолында болды. Ол ақшаны Нүкенованың әкесіне берді. Ақшаны жұбайым Қайратқа 40 күндік асына деп берген. Қайрат 1,5 миллион теңгені қалтасынан шығарып, тапсырды”, – деді Уәлихан Бишімбаев.
Сондай-ақ ол Кемеловтің Нүкеновтердің досы немесе туысымен байланысып жүргендіктен, делдалдың рөлін өз мойнына алғанын айтты. Оның сөзінше, Бишімбаевтың басқа туыстары Нүкеновтермен араласпаған.
Бишімбаевтің әкесі жаназадан кейін Кемелов Салтанат Нүкенованың ата-анасын мейрамханаға шақырғанын айтты. Ол жерде Бишімбаевтар отбасы да болған.
“Ешқандай мәселе талқыланбады. Бұл жай ғана туыстардың кездесуі болды”, – деді Уәлихан Бишімбаев.
Уәлихан Бишімбаев өзiнің немесе жұбайының ұлдары үшін қосымша сараптама талап етіп немесе қандай да бір анықтама алуға өтініш жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Айта кетейік, қорғау тарапының нұсқасы бойынша, Уәлихан Бишімбаев пен Әлмира Нұрлыбекова Қайрат Кемеловтен сот-медициналық сараптама нәтижесіне ықпал етуді және Қуандық Бишімбаевтың "есі дұрыс емес" деп танылуына көмектесуді сұраған делінген.
Уәлихан Бишімбаев бұл ақпаратты толықтай жоққа шығарды.
Бишімбаев сондай-ақ ұлына анықтама алу үшін арнайы психиатриялық мекеменің директорына шығуды өтінді деген ақпаратты да жоққа шығарып, “ойдан шығарылған сандырақ” деп атады.
“Менің інім бар болғаны “СК-Фармацияда” менеджер болып жұмыс істейді. Ондай жағдай ешқашан болған емес. Біз ондайды ешқашан сұраған жоқпыз. Тіпті ойымызда да болмаған”, – деп түйіндеді Бишімбаев.
Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туыстары Қайрат пен Бекзат Кемеловтерді сотқа берді. Бұрынғы шенеуніктің анасы Бекзатты миллион долларға жуық алаяқтық жасады, ал оның күйеуін жала жапты деп айыптады. Биыл мамыр айында Астанада Куандық Бишімбаевтың ата-анасы Қайрат Кемеловке қарсы "ар-намыс пен абыройды қорлау" ісі бойынша сотта жеңіске жеткен еді.
"Аппақ дәлізбен жүріп өтіп, жындарды көрдім": Жүрегін ауыстырған қазақстандық клиникалық өлім мен тылсым құбылыс туралы айтты