Бишімбаев алиментті аз төлеу үшін мүлкін үлкен ұлының атына жаздырған
Фото: Видеодан скрин/Жоғарғы сот
Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман әлеуметтік желіде балаларының әкесі алимент көлемін азайту үшін не істегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Назым Қаһарманның айтуынша, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағымын қараудан бас тартқан. Арада бірнеше ай өткен соң, ол алимент көлемін азайтуға өтініш білдіріп, “төлей алмайтынын” айтқан. Назым оның бұл сөздерін жоққа шығарды.
“Менің адвокаттарым құжатпен дәлелдеді: Қуандық әлі 15 жыл бойы алимент төлей алады. Бишімбаев өз мүлкін жасыру үшін оны жақында 26 жасқа толатын ұлының атына жазды. Өзіңнің балаңа қамқорлық жасау, әрине, керемет. Бірақ кәмелетке толмаған балаларыңа алимент төлемеу үшін мүлкіңді кәмелетке толған ұлыңнынң атына жазу – өте жиеркенішті әрекет ”, — деді ол.
Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов Назым Қаһарманның бұл сөзін жауапсыз қалдырмаған. Айтуынша, Бишімбаев ұлы жағдайын сұрап келіп, байланысын үзбей отырғандықтан бірқатар жылжымайтын мүлікті ұлының атына жазған.
- "Аналарың өте қатыгез, әдейі істеп жатыр": Назым Қаһарман экс-күйеуі Қуандықтың отбасы неліктен алимент төлеуден жалтарып жатқанын айтты
- Бишімбаев 1,6 миллион теңге мөлшеріндегі алиментті қайта қарауды сұрап, сотқа арыз берді
Сотты Назым Қаһарман жеңіп шықты. Экс-министр бұрын жасалған келісімге сәйкес алимент төлеуге міндеттелді.
“Бұл құжатты бұзу мүмкін емес және ол екі жаққа бірдей қолданылады. Қуандық ақша табу жағынан өте қабілетті адам. Егер ол осындай сұмдық әрекетке бармағанда қазір мүмкін, мультимиллионер немесе тіпті миллиардер болар ма еді. Сол кезде бұл келісім оны қорғаған болар еді. Мен одан көп талап ете алмайтын едім”, — дейді Назым Қаһарман.
Еске салайық, бұған дейін Назым Қаһарман 30 наурызда Қуандықтың адвокаты хабарласып, оның анасы алименттер мен басқа міндеттемелерді төлеуден бас тартқанын жеткізген. Себебі бұрынғы атасында балалардан басқа шығындар да болған. Сонымен қатар балалар ата-әжесімен тығыз қарым-қатынаста емес екенін атап өткен.
Сонымен қатар 31 жастағы Салтанат Нүкенова 2023 жылғы 9 қарашада жұбайы, Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. Ерекше қатыгездікпен жасалған бұл кісі өлтіру мен азаптаулар үшін Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді