Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биржада Ұлттық валютаның долларға шаққандағы құны 2 теңгеге төмендеді

Елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 477 теңгені, ал Алматыда – 478 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстан қор биржасында (KASE) 2022 жылғы 10 қазанда сағат 17:00-де доллардың орташа өлшенген бағамы 473,53 теңгені құрайды. 7 қазанда сағат 17:00-дегі деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 471,75 Теңге) ұлттық валюта долларға 1,78 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, сауда–саттықта ең төменгі бағам бір доллар үшін 472 теңге, ең жоғары бағам — 475 теңге, жабылу бағамы - 474,80 теңге деңгейінде қалыптасты. АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 91 млн 551 мың долларды құрады.

Валютамен операциялар бойынша мәмілелер саны-352. Америкалық валютаның орташа өлшенген бағамы 15:30-да 473,38 теңге деңгейінде қалыптасты. Кurs.kz. жариялаған деректер бойынша елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы 17:07–ге 477 теңгені, Алматы-478 теңгені құрады.

Ұлттық Банктің 10 қазандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 472,04 теңгені құрайды. 11 қазанда ресми бағамды айқындаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 1 доллар үшін 473,38 теңгені құрайды.

 

Рысбек Арапханұлы
Дүйсенбі, 10 Қазан, 2022 17:00
Талқылау