“Қазір бізде жеке табыс салығы 10% деңгейінде біркелкі ставкамен жүргізіледі. Келесі жылдан бастап ол 15%-ға жетеді. Жылдық табысы 36 миллион теңгеге жеткен кезде жеке тұлға 15% ставкасына өтеді. Егер қазақстандықтың бірнеше табыс көзі болса, ол жауапкершілікті өз мойнына алады. Табысы 36 миллион теңге шегінен асса, салық декларациясын тапсыруы тиіс. 36 миллион теңгеге дейінгі табыстан 10% ұсталады, ал 36 миллион теңгеден асатын сомадан қосымша 5% төлеуі қажет”, – деді Жәнібек Нұржанов.
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі бойынша жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі:
-
10% – табыс 8 500 АЕК-ке дейінгі сомаға (2026 жылға 1 АЕК – 4 325 теңге, 8 500 АЕК – 36 762 500 теңге);
-
15% – 8 500 АЕК-тен асатын табысқа.
Жәнібек Нұржановтың айтуынша, бұл айына 3 миллион теңге табыс табатындарға қатысты. Жалақысы жоғары адамдар үшін салық ставкасы сәйкесінше өседі.
Еске салайық, 2025 жылғы сәуірде мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин Қазақстанда 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізілетіні туралы айтты. Сол кезде салық есептілігі бойынша елде ай сайын 3 миллион теңгеден астам жалақы алатын 26,7 мыңнан астам жалдамалы қызметкер бар екені белгілі болған. Алайда сол кезде тек бір жұмыс орнындағы жалақы есепке алынған еді.
