Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірнеше құжатқа қол қойдырды": Жұлдыз Әбдікәрімова соттасайын деп жатқанын мәлімдеді

Танымал актриса, кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жақында соттасайын деп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актрисаның сөзінше, сотқа берейін деп жатқан адам ұзақ уақыт бойы достасып, сырын біліп, алдап келген көрінеді.

"Ол кездер мен үшін сынақты күндер еді. Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргем. Сөйтіп сенделіп жүргенде күндей жарқ етіп, алдымнан бір кісі шықты. Бәлкім менің құтқарушым осы болар деген ой жылт етті. Содан ол адам іші-бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, сырымды біліп, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем, оның өз жоспары болған екен. Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында", – деп жазды актриса. 



Сонымен қатар “жақын адамы” сеніміне кіріп алып, бірнеше құжатқа қол қойдырып алған көрінеді. 

“Қит етсе қалімді сұрап, менің басымдағы проблемамды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Мен болсам ештеңеден хабарым болмай, Жаратқанға алғыс айтумен болдым. Қысқасы, қасымда жарты жыл жүріп, мендегі бар құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың ашық түрде, ел алдында онлайн трансляциялануын талап етемін Сотта оқиға бүге-шүгесіне дейін айтылады. Әділ өтеріне сенемін. Ол адаммен 2 жыл бойы телефонмен сөйлескен әңгіменің барлығы заңды түрде іске енді", – деп мәлімдеді өнер иесі. 

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау