“Amir Capital” қаржы пирамидасын ұйымдастырғандардан 10 миллион доллар криптоактив анықталды
Видеодан скриншот
Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті “Amir Capital” қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Amir Capital" компаниясы өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырып, үш жыл Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5-10% мөлшерде табыс табу уәдесімен қаржы тартқан.
“Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан. Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған. Яғни бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген”, – делінген хабарламада.
Қаржы пирамидасы бөліп төлеу арқылы үй алуды ұсынып 500-ден аса адамды сан соқтырды
200-ден аса қазақстандық Ansar Gold қаржы пирамидасына қаржы салып, алданып қалған
Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.
2021 жылдың соңында салымшылардың "amir.capital" платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.
Құны 10 млн доллардан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға сот санкциясы алынды. Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
