"Бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық": Димаш Құдайберген халыққа үндеу тастады
Димаш Құдайберген елде болып жатқан жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол халықтың өкпесі орынды екенін, өзі де елмен бірге екенін мәлімдеді. Әйткенмен, осы мәселені шешу жолында бірліктен айырылып қалмауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш тұрмыс-тіршілік деңгейін көтеру мақсатында жүйелі әрі нақты шаралар қолданылуы керектігін баса айтты. Алайда осы мәселені шешу жолында халықты бірліктен айырылып қалмауға шақырды.
"Батыстағы ағайынды қолдаймын": Қайрат Нұртас билікке өтінішін айтты
Тек бір мәселе, жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! "Жігіттің жақсысы – дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген". Биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай! Аман бол, елім", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. 5 қаңтарда таңертең президенттің Үкіметтің отставкасын қабылдағаны белгілі болды. Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды