Бірқатар мемлекеттер Паралимпиадаға бойкот жариялап жатыр

Бүгін, 6 наурызда, Италияда қысқы Паралимпиада ойындарының жалауы көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда бұл Паралимпиада ойындарына 10-нан астам мемлекет бойкот жариялап отыр. Украина, Германия, Канада және Еуропаның бірнеше елі 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайтынын мәлімдеді.
Наразылықтың басты себебі Ресей мен Беларусь спортшыларына ұлттық туларымен қатысуға рұқсат берілуі.
Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибиха 4 наурыз күні X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді..
Оның айтуынша, Австрия, Румыния және Ұлыбритания да өздерінің ресми өкілдері 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыспайтынын растаған.
"Қазірдің өзінде 14 мемлекет пен Еуропалық одақ бұл іс-шараға қатысудан бас тартты. Себебі Халықаралық Паралимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларына өз жалауларымен қатысуға рұқсат берді. Бұл сан әлі де артуы мүмкін", – деді Украинаның бас дипломаты.
Айта кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Халықаралық паралимпиада комитетінің (IPC) Бас ассамблеясы Украинадағы соғыс басталғаннан кейін тоқтатылған Ресей мен Беларусь паралимпиадалық комитеттерінің мүшелігін қайта қалпына келтірген.
Нәтижесінде Ресей мен Беларусь паралимпиадашыларына халықаралық жарыстарға бейтарап мәртебесіз, яғни ұлттық рәміздерімен қатысуға рұқсат берілді.
"Беларусьтен, тіпті Аргентинадан келеді": Неге Қазақстан өз етімен өзін толық қамтамасыз ете алмай, шетелден ет сатып алады?