Желіде Сара Назарбаеваның көз жұмғаны туралы ақпарат тарады
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай 27 желтоқсанда Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: КазТАГ
“Отандық БАҚ журналистердің Сара Алпысқызына қатысты жолдаған сауалына жауап бергім келеді. Әлеуметтік желіде оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды”, – деп жазды Айдос Үкібай.
На запрос журналистов ряда отечественных СМИ относительно Сары Алпысовны хочу заявить, что распространяемая в сети информация о ее кончине не соответствует действительности.
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 27, 2024
26 желтоқсан күні әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның өмірден озғаны туралы ақпарат тарап, соңынан өшірілген еді.
Бұған дейін Сара Назарбаеваның білім орталығында оқитын оқушылардың ата-аналарының мекеменің қайта құрылуына қарсы шыққаны туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"