Осы жағдайға байланысты елдің Қорғаныс министрлігі зымыран және әуе шабуылын тойтарғанын хабарлады.
“Естіліп жатқан дыбыстар – бұл әуе қорғаныс күштері зымырандар мен дрондарды тоқтатып жатыр”, – делінген X әлеуметтік желісіндегі хабарламада.
Әскери операция басталғаннан кейін Иран Таяу Шығыстағы мұнай тасымалдаушы кемелерге, сондай-ақ америкалық және израильдік мекемелерге жүйелі түрде шабуыл жасайды. Оның қатарында Біріккен Араб Әмірліктері де бар.
