"Birgemiz" қоры еліміздің аса мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден береді
"Birgemiz" қоғамдық қоры халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Бауыржан Байбектің айтуынша, бастапқыда қор қаражатын 100 мың мұқтаж азаматқа тарату жоспарланған. Алайда, бүгінде өңірлерден түскен өтініштер саны айтарлықтай өсіп, партияның онлайн ресурсына көмек сұрап хабарласушылар саны – екі есеге артқан.
"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қор қаражаты қарапайым қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл берілетін көмектің әрбір жанға дербес белгіленуін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Biz Birgemiz" акциясының аясында Қор халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден аударады. Бірінші кезеңде қаржылық қолдауды 150 мыңнан аса мұқтаж азамат алады, ол 7,6 млрд. теңгені құрайды", - деді Бауыржан Байбек.
Қор төрағасы Руслан Сакеевтың мәліметінше, материалдық көмек екінші деңгейдегі банктер арқылы жеке тұлғалардың карталарына немесе ағымдағы есепшоттарына аударылады. Қазіргі уақытта материалдық көмекті аудару кезінде одан комиссия алмау мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен бірге, бұл қаражаттың кредиттері бойынша қарызы бар азаматтардың берешегін өтеу үшін ұсталып қалмауы да пысықталады.
"Ешқайда барудың, ешқандай өтініш жазудың қажеті жоқ. Таяу күндерде аталған қаражат өңірлік қорларға аударылып, әрі қарай ол адамдардың есепшоттарына түсетін болады. Бұл үшін біз алдын ала бүкіл өңірлермен тиісті меморандумдарға қол қойғанбы", - деді ол.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынымдарының негізінде көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Әкімдер аталған санаттар бойынша көмек алушылар тізімін ұсынды.
"Олардың қатарында АӘК алмайтын тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алып жүрген және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұлдыр жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар. Бұл ретте аталған әрбір санатта мұқтаж жандар да, сонымен бірге көмекті қажет етпейтіндер де бар екенін атап өткен жөн. Сондықтан біз тізімді тікелей жергілікті жағдайды жақсы білетін әкімдіктерден алдық", - деді қор төрағасы.
Руслан Сакеевтің айтуынша, аталған көмек облыс орталықтары мен коронавирус таралу қаупі жоғары ірі қалалардың тұрғындарына көрсетіледі. Осы жәйттер ескеріле отырып, 23 қала анықталған.
Бұдан басқа, мәжіліс барысында қордың қамқоршылық кеңесі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының індетке қарсы іс-шараларға тартылған 2 мыңдай медицина қызметкеріне материалдық қолдау көрсету үшін 100 млн теңгеден астам қаражат бөлу туралы ұсынысты қолдады. Таяу уақытта қор басшылығы қос қаланың әкімдіктерімен бірлесіп қаражатты тарату тетіктерін тұжырымдайды және 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлем алатын медицина қызметкерлерінің тізімін әзірлейді.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін "Birgemiz" қоғамдық қорының есепшотына 13,2 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Мен2баламнын анасымын угышы балама аягым ауыр меным баламнын басында кистасы бар баламнын емыне каражатымыз болмай жатыр сызден отынерымАлла разылыгы ушын баламнын емыне 50000тенге комек береулерынызды сураймын KZ09563052PN01137112 шот почта
Меным 2балам бар ушыншыме аягым ауыр улкем балам 7жаста басында киста бар баламнын емыне каражатымыз жетпи жатяр сыздерден отынып сураймын алла разы ушын баламнын емыне 50000тенге комек берунызды сураймын KZ09563052PN01137112 шот почта KZ37722C000036880831шшот каспи голт
Мен жалгыз басты анамын бир кызым бар 7 жасар укиметен ешкандаи комек алмаимын жумыс истемим куиеуим жок сиздерден жалнып сураим осы 50 мынды маганда бериниздерш отинем сиздерден катты керек еди акша
Салеметсыз ба мены 3балам бар жас семия мыз жубайым 70мын айлык алады жекеды жусыз жасайды 3баласы бар жас семияга кандай комек бар
Сәлеметсіздер ме? Мен 2 баланын анасымын. Биз де комек акшага муктажбыз. Озим 2 баламан уйде отырамын. Жолдасымды елимизде болып жаткан жагдайга байланысты жумыстан шыгарып жиберди. Бизге де 50.000тг комек берсе екен. Жауабын айтсаныздар.
Мен жалгыз басты анамын еки улым бар 7 - 8 жаста пасобия алмаймын маган шыкпайды диди .сиздерден комек сураймын.
Менинг 3балам бар куйовим жумусиз квартирада турамиз балдарим аштиқтан ауриб калватир не ушун бизге комек бермийсизди кийналиб кетик балаларимга жаздик кийм алаламайатирмин қалин киймди жур карантин таги созилди биз ауыриб олмиймиз аштиктан олемиз комек керек бизге
Мен жалғыз басты анамын форма 4 кағазымыз бар бізге көмек керек
Мен жалғыз басты анамын ұш балам бар
Бізге көмек керек
3 балам бар біреуі бірінші күиеуімнен калған екеуі екінші күйеуімнен екумизде жумыс жасамаймыз үйім жок квартирада тұрамын
Мен 3балалы анамын. Жагдайым нашар. Куйеуим жумыс жасамайды. Менин тапкан табысым жетпейди. Отиниш сиздерден комек сураймын. Узынагаш ауылында турамын. Бизге 50000тг берилема
Саламатсыздар қазір айтылып жатқан көмектер шынымен берілема алде өтірікпа.Менім екі балам бар мен жұмыссыз үйдемін балаларымды қарап отырмын.Күйеуімде жұмыссыз үйде қазіргі жағдайда, карантин.42мыңды бірақ рет алдық екіншірет алмадық. Кейбіреулер екіншірет 42мыңды алды,50мыңдыда алып жатыр. Берілетін болса барлығына бірдей берсе. Осы жағын қарастырыңыздар.
Біз айлыкта алмаймыз жумысыз быз біз аламыз ба
Менин 5 балам бар коп балалы анамын 50000 комек берилема
Salemetsizderme "BIRGEMIZ"қоры ! Мен 2 топ мүгедегімын 50 мын тенге неге берілми жартыр ?Біз қалай аламыз? үйде отырып ,сол жағы түсініксыз бізге қалай алуды түсіндірсеніздер ѳтініш?!
Ассалаумалейкум мен Актау қаласында тұрам менің 7 балам бар неге бізге 50 000тенге бермейді әлі бізге түспедіғой сол ақшаны берсе жақсы болар еді
Мен жалгыз басты анамын мугедек балам бар.Анам 1 группа мугедек басымда баспанам жок неге бирилмеиди жагдайы жоктарга неге бермеид жагдайы бар баспанасы бар адамдар алып жатыр
Менин 3 балам бар Мен Мен кеуим таксист болып жумыс жасайды казыр тотенше жагдайдан жумыс ынан айырды казыр биздин жагдайдым маз емес бизгеде 50000т комек береме Отиниш осыны карастырып корсениндер